Әскери қызметкердің мүрдесі табылды

Жаңалықтар
view 124
news

Сурет: Ашық дереккөзден

13 қазанда Шахтинскіде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 келісімшарттық әскери бөлімінің қызметкерінің мәйіті табылды.

ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери қызметкер белдікке буынып қалған.

«13 қазанда Шахтинск қаласында қызметтен тыс уақытта өзі тұрып жатқан пәтерден келісім шарт бойынша әскери қызметшінің денесі табылды. Болжамды ақпарат бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсаған», – деліген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *