Әнші Балжан Бидаш оқырмандарын ойландырып қойды

Жаңалықтар
view 88
news

Фото: instagram.com/bidash_official/

Әнші Балжан Бидаш оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Ол әлеуметтік желіде кәсіпкерлікке бет бұрғанын айтты.

Әнші саудамен айналысу үшін шетелге кеткен.

«Кейде бір жетістікке жету үшін біреуге өзіңді дәлелдеу мотивация береді. Осы постты көріп ата-анам “Еей жаным!” деп отқан болар. Өйткені әрқашан өзімді үйдегілерге жан-жақты дәлелдеуге тырыстым. Түпкі мақсат – отбасым менімен мақтанса екен деген ой. Екі ағамнан кейінгі жалғыз қыз, кішісі болған соң ба, ең шапшаң, ең пысықтауы болдым. Бәріміз жақсы өмір сүргенді қалаймыз. Сондықтан адал табысыммен өмірден қалағанымды алғым келеді. Тек қана өнерде жүрмей, бизнес түрлерін де көрдім. Бойымда кәсіпке бейімділік бар екен. Тағдыр өзі айналдырып бизнеске әкеліп жатыр. Жылдар бұрын екі рет киім дүкенін қызығушылық ретінде ашып, саудада тәжірибе жинадым. Енді қуанышыммен бөлісейін. Қытайда жүріп командаммен Еуропаға, жалпы әлемге жіберіп отырған миксерлер зауытымен келісімшартқа отырдық», – деп жазды ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *