Жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды
Жаңалықтар
191
фото: steamcommunity.com
Жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, сәби сағат 19.40-та көз жұмған.
«Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Абай облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен байланыста отырмын», – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Абай облыстық Полиция департаменті күдікті іздестіріліп жатқанын, сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 13 қазанда Семейдің сол жағалауындағы көпқабатты үйдің ауласында болған.
Жанып жатқан қоқыс жәшігінен сәбидің табылғаны белгілі болды.
Пікірлер (0)