Ассамблея: еңбекке адалдық – елге аманат

Жаңалықтар
view 36
news

Фотосурет: ҚХА

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің мүшелері Еңбек мамандықтары жылы аясында және теміржолшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының «Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы» АҚ ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Кездесу барысында бірқатар өзекті тақырыптар қозғалды: ел дамуына теміржолшылардың қосқан үлесі, еңбек құндылықтары, сондай-ақ «Адал азамат» тұжырымдамасы – яғни, қоғамға адал қызмет ететін, елдің мәдениеті мен дәстүрін құрметтейтін, жауапты әрі белсенді азамат бейнесі туралы айтылды. Бұл тұжырымдама қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған.

Кездесуде Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Болат Оспанов пен ҚХА кеңесінің мүшесі, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы, Алматы қаласындағы «Жомарт жан» орталығының жетекшісі Долқунтай Әлиев «Адал азамат» тұжырымдамасының негізгі қағидаттары туралы айтты. Атап айтқанда, адалдық, жауапкершілік, әділеттілік, көмектесуге дайын болу, азаматтық міндеттерді адал орындау секілді қасиеттердің маңыздылығы сөз болды. Сондай-ақ, еңбек адамының рөлі мен жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызы кеңінен талқыланды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *