Астана полицейлері ЛГБТ-кештіктерге "облава" жасай бастады - журналист
Фото интернеттен
Елордада полицейлер ЛГБТ-кештерін ұйымдастыратын клубтарда жаппай ұстау шараларын ұйымдастыруда, деп хабарлады журналист Ботагөз Омарова өзінің телеграм арнасында. Бұл туралы janabastau.kz сайты Toppress.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Журналист қыз екі аптадан бері елордалық полиция қызметкерлері бассыз кетті деп шағымданады. Әр демалыс сайын олар "дәстүрлі емес жыныстық бағыт өкілдерін" ұстап, Имановқа әкетіп жатыр, деп жазды ол.
"Олар барға баса-көктей кіріп, ондағылардың қолдарын бұрап, тепкілейді, қорқытып-үркітіп, ауыздарына келгенін айтып, өктемдік көрсетеді. Мен журналист ретінде олардың тақырыптық клубтарға жасаған "рейдтерін" түсінуіме болатын шығар, алайда олар өткен демалыс күндері жеке үйге қандай негізде келіп, 70-ке жуық жігітті полиция бөліміне күшпен жеткізгенін маған кім түсіндіреді? Әрқайсысынан, менің түсінгенімдей, қолхаттар мен түсіндірмелер алынды. Қазір полиция қызметкерлерінде ЛГБТ өкілдерінің тізімі бар. Олар үшін? Бұл не? Ақпараттық бопсалау үшін бе? Кейін оларды бопсалап, "тоқылдақ" қылу үшін бе? - дейді журналист қыз.
"Ашынған" журналист қызды-қыздымен Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәліні де солардың қатарына қосып жіберді.
"Бір қызығы, құқық қорғау органдарының Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлиге қатысты сұрақтары жоқ. Естеріңізде болса, бір видеода екеуі көлікте бір-бірін құшақтап жатқандары әншілердің жанкүйерлерінде үлкен дау тудырды", - деп жазады журналист.
Желі қолданушылары бұл мәселеге қатысты өз пікірлерін білдіруде. Біреулері "қызтекелерге сол керек десе", енді бірі "бейбіт митингке шыққан шал-кемпірді тепкілеп, автозагқа тыққанша, осы істегендері дұрыс екен!" деген сияқты пікірлер қалдыруда.
Пікірлер (0)