Астана халықаралық әуежайының жұмыс кестесі өзгереді

Жаңалықтар
view 25
news

Фото: Zakon.kz

Биыл 15 сәуірден бастап Астананың халықаралық әуежайынан ұшатын рейстер көбіне түнде ұшпақ. Өйткені, 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында әуежайдың ұшып-қону жолақтары жөнделеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ұшып-қону жолағы осы аралықта таңғы сағат 10.00 мен 18.00 аралығында жөнделеді.

Осы уақыт ішінде әуежайдан ұшатын жоспарлы рейстер таңертең ерте немесе түнгі уақытта ұшады, - деп хабарлайды Астана әуежайының баспасөз қызметі.

Осы ретте әуежай азаматтарға ескерту жасап, рейстерінің уақытын алдын ала тексеріп алуды ұсынып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *