Астанада 15 автобустың жүру бағыты үш күнге өзгерді
Жаңалықтар
292
Сурет: Ашық дереккөзден
Сity transportation systems жшс астанада 15 маршруттың қозғалыс схемасы өзгергенін жеткізді, деп хабарлайды Janabastau.kz.
2, 3 және 4 шілде күндері № 3, 4, 4А, 14, 19, 40, 21, 29, 29А, 32, 43, 50, 66, 84, 202 бағыттары уақытша өзгеретіні нақтыланады.
"Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті күндері қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істейді. Жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 23:30-ға дейін", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ жолаушылар көлігінің қозғалысын шектеу шаралары "Тәуелсіздік сарайы" алаңының Тәуелсіздік даңғылында – Ж.Нәжімеденов – А.Байтұрсынов – Қ.Аманжолов көшелерінде жүргізілетіні де нақтыланады.
Оқи отырыңыз
Жаңалықтар
ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ЕСТЕЛІГІНЕН:
Жаңалықтар
Тоқаев жаңа заңға қол қойды
Пікірлер (0)