Астанада автосаланнан несиеге алған су жаңа көлік ұрлықы болды - Бейбітгүл Байғожина

Жаңалықтар
view 31
news

Сурет: IG/bikolya.bayguzhina, IG/sagindykov_sabit

Астанадағы автосалоннан Hyundai Elantra сатып алған тұрғын өзін алаяқтықтың құрбаны санайды. Бұл туралы janabastau ақпарат агенттігі TengriAuto-ға сілтеме жасап хабарлады.

Бейбітгүл Байғожинаның айтуынша, ол көлікті жекеменшік автосалоннан несиеге рәсімдеген. Жаңа темір тұлпарды әкесі қосымша табыс табу үшін пайдаланбақ болған. Банк несие беруді мақұлдап, ал автосалон көлікке қосымша жабдық орнатып, кепілдікпен қамтамасыз етеміз деп сендірген.

Алайда күтпеген жағдай орын алды. 10 наурызда Бейбітгүлге Қарағанды полициясынан шақырту келіп түскен. 12 наурызда тергеушілер бұрынғы көлік иесімен бірге келіп, оның ұрланған көліктер тізімінде тұрғанын мәлімдеп, айғақ ретінде алып кеткен. 14 наурызда Бейбітгүл мен әкесінен жауап алынды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *