Астанада «Eurasian Book Fair — 2023» кітап жәрмеңке-көрмесі өтіп жатыр

Руханият
view 445
news

Астана қаласында аса ірі рухани шара - кітап тойы өтіп жатыр. 19 мен 23 сәуірі аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтетін «Eurasian Book Fair – 2023» VI Еуразиялық халықаралық кітап-жәрмеңкесіне жиналған оқырман қарасы көп. Айта кетейік, 19 мен 23 сәуірі аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында өткізілетін «Eurasian Book Fair – 2023» VI Еуразиялық халықаралық кітап-жәрмеңкесінің негізгі мақсаттары: кітап оқуды насихаттау; оқу мәдениетін қалыптастыру; әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің заманауи үздік ассортиментін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну; дүниежүзілік кітап басып шығару және полиграфия индустриясының тәжірибесін зерделеу; байланыс орнату және баспа саласындағы жетістіктерді көрсету. Қазіргі таңда көрме-жәрмеңкеге қатысуға Қазақстан, Ресей, Түркия және Қытайдың баспа, кітап сату, ғылыми, білім беру және полиграфиялық компанияларының өкілдері болып табылатын 70-ке жуық компания өтінім беріпті.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *