Астанада иесіз ғимараттан оқушы қыздың денесі табылды
Сурет: smi24.kz
Астанада иесіз ғимараттан өлі денесі табылған 14 жастағы оқушы қыздың ажалы неден болғаны анықталды. Осыдан бір ай бұрын болған қайғылы жағдай бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысын полиция жария етті, деп хабарлайды КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Қаңырап иесіз тұрған бұрынғы балабақша ғимаратынан 14 жасар қыздың мәйітін сол маңда janabastau.kz ойнап жүрген балалар тапқан. Дәл сол жерде жалпы білім беретін мектеп те бар. Бірақ, оқушы қыз онда емес, басқа мектепте оқыпты. Марқұм Аурелияның ата анасы сабақтан кейін, серуендеуге далаға шыққан қыздарының не үшін ескі ғимаратқа барғанын түсінбейтіндерін айтқан. Бұған дейін де 4 рет өрт болып, тағы бір ер адам көз жұмған ескі ғимарат қаңғыбастар паналайтын орнына айналғалы 3 жылдай болыпты. Қыздың жұмбақ өлімін әркім әрқалай айтып, сан саққа жүгірткен еді. Ал сот медициналық сараптамасы оның газдан уланғанын анықтады.
«14 жастағы қыздың мәйітін табу фактісі бойынша істің барлық мән жайларын обьективті, жан жақты зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеп тексеру жалғасуда.Сот медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес өлім газ қоспасымен улану нәтижесінде орын алған. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды», - деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.
Пікірлер (0)