Төтенше жағдайлар министрі Қарағанды мен Павлодар облысындағы өрт туралы есеп берді

Жаңалықтар
view 148
news

Фото: ҚР Үкіметі

Үкіметте Қарағанды және Павлодар облыстарының аумақтарында өртті жою туралы ТЖМ баяндамасы тыңдалды, – деп хабарлайды janabastau.kz.

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара маңындағы аумағындағы өртті жою жөніндегі ақпаратты тыңдады.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет басшысына ағымдағы жағдай және өртті сөндіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Құрғақ шөптің өртенуі биылғы 6 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданымен шектесетін Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағында орын алды. ТЖМ жедел штабы өртті жою үшін барлық шараларды қабылдады. Ауылдың 18 тұрғыны эвакуацияланды.
Астана қаласы, Абай облысы, Ақмола облысының және басқа да ТЖД күштері мен құралдары қосымша тартылды. Бүгінгі таңда Павлодар облысында өрт оқшауланды, жағдай бақылауда. Бүгін Қарағанды облысында өртті оқшаулау күтілуде.

Премьер-Министр Төтенше жағдайлар министрлігіне жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *