Астанада интернет жылдамдығы артты

Редакция таңдауы
view 74
news

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астана қаласындағы интернеттің сапасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі. Үкіметтің кулуарында журналистердің сауалына жауап берген шенеунік елордалықтар интернет сапасы нашар деген аудандарды өз аяғымен аралап шыққанын жеткізді. Оның сөзіне сенсек, ЭКСПО маңындағы аудандарда интернет сапасы бұрынғыдан біршама жақсарған. "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығының айналасында да интернет мәселесі жақсарып келеді, онда екі базалық станция орнатылды. Бірақ біз жауапты компанияға қосымша айыппұл салып, тағы екі ай уақыт бердік. Бұдан бөлек, қаланың әкімі кеше жиын өткізді. Өйткені бізге әкімдіктен жер телімі керек. Жергілікті билік бұл бағыттағы жұмыстарды күшейте береді. Бүгінде жер телімдерін бөлді, құрылыс басталып жатыр", - деді министр. Бағдат Мусин "Мәңгілік ел" салтанат қақпасы маңындағы ауданда радиофобиа проблемасы бар екенін еске салды. "Сондықтан базалық стансалар салу үшін әкімдіктен учаскелер керек", - деді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *