Қосшыда жол жүрудің тиімді шаралары орындалды

Редакция таңдауы
view 122
news

Адам өмірі ұзақ сапардан тұратыны баршаға аян. Сол ұзақ сапарда адамдар әртүрлі жолмен жүріп, сан алуан ғұмырды басынан кешеді. Біз бүгін тікелей мағынада жол туралы әңгіме қозғамақпыз. Адамзат өркениетке қол жеткізген сайын қиындықты артқа тастап, өмір сүрудің жеңіл, тиімді жолдарын қарастыра бастады және соған жетті. Ең әуелгі дәуірде адамдар қандай жолмен жүргені нақты белгісіз. Дегенмен күнделікті тұрмыстың ығына қарай жалғызаяқ жолмен жүріп, бірте-бірте соқпақ қалыптастырғаны анық дүние. Уақыт алға жылжиды, ғасырлар, мыңдаған дәуірлер өтеді. Өмірдің бірізділігі қаншама жетістікті, нәтижені еңсеріп осы күнге жетті. Бүгінгі күн адамдар тас жол, темір жол, су жолы, әуе жолы т.б. әртүрлі жүру жолдары бар. Осы жолдар арқылы қалаған жеріне жете алады. Жолдың жаңалануына байланысты қарыштап дамыған мына заманда жол жүрудің ережелері де пайда болды. Милиардтаған адамдарды, миллиондаған көліктерді тізгіндеу үшін тұрақты тәртіп пен заңның болғаны да әрине орынды. Біз бүгін қаламызда орын алған жол жүрудің тиімділігі туралы айтпақпыз. "СМЭУ-Астана" ЖШС мердігерлік ұйымы Қосшы қаласында 5 әлеуметтік маңызды нысан бойынша жаяу жүргіншілерге арналған, түнде жанып тұратын проекциялық жолақты іске қосып жатыр. Бұл дегеніміз қараңғы түнде жаяу жүргіншілерді көлік апатынан, басқа да қауып-қатерден алдын алады деген сөз. Проекциялық жолақтар бұрын Қазақстанның Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс қазақстан сияқты ірі қалаларында және өзіміздің Ақмола облысының республикалық маңызды тасжолдарында бар болатын. Енді бұл жоба Қосшы қаласында да іске асуда. Бұл қала тұрғындары үшін айтарлықтай қуанышты жайт. Және әрбір тұрғын үшін қорқыныш, үрейден арылып, емін-еркін жүретін көңіл-күй сыйлады деуімізге болады. Бүгінгі күні проекциялар төрт нысанға қосылды. Республика-Желтоқсан көшесінің қиылысы, Республика көшесінен «Лесная поляна» шағын ауданына бұрылыс, Республика көшесінен №1 қалалық емханаға өтер тұсы және Абай көшесі мен Ғ.Әбсағитов көшесінің қиылысы. Сондай-ақ Республика көшесінен «Алтын орда» тұрғын үй кешенінің қиылысына бесінші проекциялық жолақты орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қосшы қаласында алғаш орын алып жатқан бұл Проекциялық жолақ жаз, күз, қыс, көктемде де жұмыс жасап, жылдың төрт мезгілінде ауарайының құбылмалы болғанына қарамастан көлік жүргізушілерге анық көрінеді. Қар, жаңбыр жауғанда, немесе мұз қатып, көктайғақ орын алса да көлік жүргізушілер мен жаяу адамдар бұл нысанды 150~200 метр қашықтықтан айқын байқай алады. Сондай-ақ Проекциялық жол белгісі қою тұманда да іске қосылады деп күтілуде. Бұл әрине жол жүрудің ең бір қолайлы, тиімді тұсы. Проекциялық жарықтандыру тәуліктің қараңғы уақытында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жол қозғалысы ережесін сақтап жүретін тұрғындар үшін бұл жақсы жаңалық. Қосшы қаласындағы бұл жаңалық республикамыздың жер-жеріне ұласып, көлік апатын, адам шығынын азайтса деген тілек білдіреміз.  

Тілеубек БАТЫС

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *