Қала аумағында ономастика ресурстарына зерделеу жұмыстары жүргізілді
Редакция таңдауы
111
Тіл байырғы заманнан бері халықтың қан тамыры, жүрегі болып есептеледі. Сондықтан тілге байланысты дүние әрқашан өзектілігін жоймайды.
Маусымның 6 күні «Қосшы қаласы аумағындағы ономастика, тіл саясаты мәселелерін қарастыру және зерделеу бойынша жұмыс тобы» мүшелері мен белсенді жастар ономастика мәселелерi бойынша қажетті және уақытылы шешiмдер қабылдауға мүмкiндiк беретiн ақпараттар жинау және қала аумағындағы ономастика ресурстарына зерделеу жұмыстары жүргізді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулы 14-1 бабына сәйкес, Қосшы қаласының Тайтөбе ауылындағы көшелерге атау беру және қайта атау үшін, ауыл тұрғындарының пікірін ескеру мақсатында көпшілік тыңдауды өткізу туралы ақпарат жұртшылық назарына Қосшы қаласы әкімдігінің ресми сайтында (www.gov.kz) 2023 жылдың 19 мамыр күні және Қосшы қаласының «Jana Bastau» қоғамдық саяси, әлеуметтік экономикалық газетінің №20 санында хабарландыру жарияланған. Қазіргі таңда, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу мерзіміне дейін зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық ономастика комиссиясына ұсыныс енгізу үшін, көшелерге атау беруге байланысты хаттама, түсіндірме жазба, экономикалық есеп (аншлаг, көрсеткіш-тіреу), жалпы мәлімет, жеке-жеке тарихи тұлғалар тізімдері бойынша өмірбаян және т.б. құжаттар жинақталуда.
Зерделеу жұмыстарының тағы бір мақсаты тұрғындар «жедел жәрдем», «өрт сөндіру қызметі», сондай-ақ такси қызметтерін алуда қиындық туындамау үшін, бір атау екі реттен қайталанып кетпеуіне, ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының бекіткен «Тарихи тұлғалар» тізімінде болуын қадағалау.
Тілеубек БАТЫС
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)