Астанада лифтте пышақ жарақатын алған 5 жасар баланың беті жансызданып қалды
Фото: видео скриншот
Астанадағы тұрғын үй лифтінде жасөспірім бетін пышақпен тілген 5 жасар балағаның анасы ұлына шұғыл көмек керек екенін айтты. Бала шетелде жасалатын емге мұқтаж, деп хабарлайды janabastau.kz Skifnews.kz -ке сілтеме жасап
“Баланың бет жүйкесі зақымданған… Сол жақ беті жансызданып қалды”, – деп жазды баланың анасы.
Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушы К-ның II топтағы мүгедек екенін, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаныны қарамастан, 2025 жылғы 11 ақпанда тұрғын үй кешенінің лифтінде болған кезде кәмелетке толмаған Е-нің денесіне зақым келтіріп, оның бетіне пышақпен жарақат салғанын анықтады.
Сот қаулысына сәйкес, К-ға Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.
Пікірлер (0)