"Сүлеймен сұлтан" түрмеге түсті: Түркия жұлдыздарына сот үкімі шықты!
www.ntv.com.tr
Түркияның танымал актерлері — "Сүлеймен сұлтан" телехикаясында басты рөлді сомдаған Халит Ергенч пен "Чукур", "Іште" жобаларымен танымал болған Рыза Коджаоғлу сот үкімімен бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі.
Іс материалдарына сәйкес, қос актер бұған дейін Ыстамбұл қаласында орын алған жаппай наразылықтарға байланысты тергеу барысында жалған ақпарат берген. Тергеу органдары олардың мәліметтері шындыққа сәйкес келмейді әрі тергеу барысына кедергі келтіріп, шатастырды деп есептеген. Осы негізде қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жолданған.
Сот шешімі бойынша Халит Ергенч 1 жыл 10 ай 15 күнге, ал Рыза Коджаоғлу 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де тек жалған куәлік беру бабымен айыпталды. Олардың наразылыққа қатысу немесе басқа да әрекеттері бойынша кінәсі дәлелденбеген.
Бұл оқиға Түркиядағы танымал өнер иелерінің де заң алдында жауапкершіліктен тыс қалмайтынын көрсетіп отыр.
Пікірлер (0)