Астанада республикалық Олимпиадалық академияның айлық жарысы өтті

Жаңалықтар
view 138
news

Сурет: Ашық дереккөзден

9 наурыз күні Астанада еліміздегі жас математиктердің басын қосқан Олимпиадалық академияның айлық жарысы өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

9 айға созылатын бұл білім сайысы дарынды оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға және үздіктерді анықтауға бағытталған.
Республикалық математиктер клубының президенті, белгілі математик Ырысбек Мәуіттің айтуынша, жарыстың басты мақсаты – оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін арттырып, күрделі жағдайларда тез әрі дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

"Біздің сайыс тек жүлде үшін емес, ең алдымен, балалардың ойлау қабілетін шыңдауға арналған. Олар уақытты тиімді басқаруды, командамен жұмыс істеуді және тәуекелге баруды үйренеді. Қатысушыларға және олардың ата-аналарына алғысымды білдіремін!" – деді Ырысбек Мәуіт.

Beeline Arena алаңында өткен жарысқа Астана қаласының ең үздік жас математиктерімен қатар, Қарағанды мен Ақтөбе қалаларынан келген мықты командалар да қатысты. Әр команда 12 үздік оқушыдан құралды.

Сайысты қолдауға Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев, Мәжіліс депутаттары Жұлдыз Сүлейменова мен Болат Керімбек келіп, жүлдегерлерді марапаттады. Сонымен қатар, Олимпиадалық академияны ұйымдастыруда ерекше үлес қосқан "Зерделі" контент бөлімінің математиктері министрлік атынан алғысқа ие болды.

Жарысқа танымал продюсер Перизат Мырзахмет, журналист Әлия Әшім, тележурналист Сағыныш Әбікей сынды медиа саласының өкілдері де қатысты.

Нәтижесінде, 3-4 сыныптар арасында "Зерделі" Халықаралық мектебінің оқушылары бас жүлдені иеленсе, 5-сыныптар арасында Ақтөбелік командасы жеңіске жетіп, білім кубогын қанжығасына байлады. Олимпиадалық академияның келесі республикалық кезеңі 1 мың математик оқушылардың қатысуымен Ақтөбеде өтеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *