Тұтынушы құқығы қалай қорғалады?
Жаңалықтар
115
Сурет: Ашық дереккөзден
Пәтерді тазалауға тапсырыс берілді, бірақ кір қалдырды. Тұтынушы келмеді және клинингтік компания қызметкерлерімен орындалған жұмысты қабылдамады. Тазалау компаниясы кемшіліктерді жойып, қайта тазалағысы келеді. Тұтынушы тазалау үшін төленген құнның 50% қайтаруды талап етуге құқылы ма?
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 630-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Тапсырыс беруші шартта белгіленген мерзімдерде мердігермен бірге орындалған жұмысты қарап шығуға және қабылдауға міндетті. Кемшіліктер анықталған жағдайда Тапсырыс беруші бұл туралы мердігерге дереу хабарлауға міндетті.
Тапсырыс беруші жұмысты қабылдау кезінде табылған кемшіліктер туралы, егер олар қабылдау актісінде көрсетілген болса ғана мәлімдей алады. Бұл жағдайда тұтынушы жұмысты қарап шықпағандықтан және қабылдамағандықтан, сондықтан қабылдау актісіндегі кемшіліктер туралы көрсетпегендіктен, тұтынушы «тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарды қоя алмайды. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 35-бабының 3-тармағына сәйкес тұтынушы талап ете алмайды:
- кемшіліктерді тегін жою, жұмысты немесе қызметті өзгерту, төлем бөлігін қайтару;
- шарт осындай құқықты көздеген жағдайда тұтынушының кемшіліктерді жоюға жұмсаған шығыстарының өтемақысы;
- егер Орындаушы жұмыстағы немесе қызметтегі кемшіліктерді мерзімінде түзетпесе немесе олар соншалықты ауыр болса, оларды түзету мүмкін болмаса, шартты бұзу және залалды өтеу.
Осыған байланысты, Орындаушы ұсынылған қызмет үшін соманың 50% қайтару туралы талапты қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдамауға құқылы.
Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
Пікірлер (0)