Астанада тұрғын үйден өрт шықты

Жаңалықтар
view 24
news

Фото: ТЖМ

Астанадағы Сарайшық ауданында орналасқан Қ.Әзербаев көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде 7-қабаттағы пәтерден өрт анықталған. Сондай-ақ кіреберісті түтін басқан.

Өрт сөндіру қондырғылары дереу іске қосылды, өртті толық сөндіру үшін барлық шара қабылданып, су үздіксіз жеткізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіру бірнеше учаскеге бөлініп ұйымдастырылған. Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *