Жібек Құламбаева жұптық сында Қытайдағы жарыстың финалына шықты

Жаңалықтар
view 25
news

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Баотоу (Қытай) ITF W50 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге жартылай финалда қытайлық Жангсу Хан – америкалық Эми Жуды сынап көрді.

Тартыстылау өрбіген бірінші сет 7:5 есебімен қазақстандық-ресейлік жұптың пайдасына шешілді. Олар екінші партияда айқын басымдылық танытты – 6:1. 

Бір сағат 8 минутқа созылған бәсекеде Құламбаева – Рейнгольд 3 эйспен бірге 5 брейкке қол жеткізді.

Жібек Құламбаева – Екатерина Рейнгольд финалда италиялық Дилетта Черубини – қытайлық Ченги Юань және корт иелері Мэйки Го – Цзин-Цзин Лу жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *