Астанада ҰБТ өткізу мерзімі кейінге шегерілді

Жаңалықтар
view 79
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Астанада кейбір талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру мерзімі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Janabastau.kz.

Ұлттық тестілеу орталығы Астанада 2, 3 және 4 шілдеге белгіленген ҰБТ өткізу мерзімінің кейінге шегерілетінін хабарлады (Т.Жүргенов көшесі, 18/2 және Қайым Мұхамедханов көшесі, 37А мекенжайы бойынша).

«Техникалық жұмыстарға байланысты 2, 3 және 4 шілдеге жоспарланған ҰБТ келесі мерзімге ауыстырылады: 2 шілдеге жоспарланған тестілеу енді 8 шілдеде, 3 шілдеге жоспарланған - 9 шілдеде, ал 4 шілдедегісі 10 шілде күні өтеді», - делінген хабарламада.

Жаңа тестілеу күндері туралы ақпарат тест тапсырушының жеке кабинетінде қолжетімді болатыны хабарланды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *