Астанада Ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өтеді

Жаңалықтар
view 54
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Елордада Республика күні және Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық мерейтойына орай Ұлттық ат спорты түрлерінен фестивалі өтеді, деп хабарлайды janabastau.kz.

Қала әкімдігінің мәліметіне сәйкес, фестивалді Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері Федерациясының ұйымдастырып отыр.

Фестиваль аясында бәйге мен көкпардан жарыстар өтеді. Жарыстар 11-12 қазан күндері Астана маңындағы «Қазанат» атшабарында өтеді. Бәйге сайысы 12 қазан күні сағат 11:00-де басталады. Көпшілік көз тіккен жүйріктер сайысының жалпы жүлде қоры – 20 млн теңге.

Сондай-ақ фестиваль аясында Көкпардан Солтүстік аймақтың тума шабандоздарына арналған турнир өтеді. Іріктеу ойындары 11 қазан күні 09:00-ден 17:00-ге дейін өтеді. Финалдық ойындар 12 қазан күні 09:00-де басталады.

Ойындардың жалпы жүлде қоры – 12 млн теңге. Сайыс аяқталғаннан кейін көрермендердің арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Кіру тегін.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *