Астанада «Үйде сөйле» жобасы басталды

Редакция таңдауы
view 100
news

Елордада «Үйде сөйле» деп аталатын қоғамдық жобаның тұсаукесері өтті. Шараға «Ассамблея жастары» бірлестігі мұрындық болды. Жоба аясында тұрғындар аулада бас қосып, қазақ тілін меңгеруге мүмкіндік алады. Ал, Ассамблея жастары үйден алыстамай-ақ ана тілімізді қызықты форматта үйренуге жағдай жасайды. Клубта білікті оқытушылар мен жаттықтырушылар ғана емес, қарапайым тұрғындар да тәжірибесімен бөлісе алады. Жобаны жүзеге асыруға пәтер иелері кооперативтері де қолдау көрсетіп отыр. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге арналған мұндай жобалар алғаш Алматыда ашылған болатын. Енді игі бастаманы Елорданың бірқатар аудандары мен өзге де өңірлерде іске қосу жоспарланып отыр. Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: Қазақ тілді емін-еркін, оңай тәсілмен үйрену. Және өзіңіз білесіз ғой үйде жүрсеңіз, жақсы жағдай босла сіз кел келген нәрсеге тез бейімделесіз. Әрине, бұл осындай дүниеге бағытталған. 2019 жылы Президенттің мақсаты бар, болашақта қазақ тілін ұлтаралық тілге айналдыруға байланысты. Осы бойынша нақты жұмыстар жүріп жатыр қазір. Шерзод Пулатов, Өзбек этно-мәдени орталығының төрағасы: Жобаға өзге ұлттардың өкілдері қатысып, қазақша сөйлеп, басқа біздің азаматтарымызға үлгі болып жатыр. Мына жердің тұрғындары да осыған таң қалып, қуанып жатыр.

Дарын Сағитов 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *