Астанада жоғалған оқушы қыздың денесі өзеннен табылды
Жаңалықтар
143
Фото: Lider.kz
Астанада өзеннен жоғалған мектеп оқушысының денесі табылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұған дейін қыздың анасы полицияға хабарласып, қызы үйден шығып кеткенін және телефон қоңырауларына жауап бермейтінін айтқан.
Полиция қызметкерлері мен еріктілер дереу іздеу шараларын ұйымдастырып, жақын маңдағы аумақтар мен өзен жағалауын тексерген. Бірнеше сағаттан соң қыздың мәйіті өзеннен табылған.
Қазір оқиғаның барлық деректері анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Талғарда 9-сынып оқушысы жасөспірімнің қолынан қаза тапқанын жазған болатынбыз.
Пікірлер (0)