Астанадағы тұрғын үй кешенінде темекіден басталған өрт тұрғындарды дүрліктірді

Жаңалықтар
view 108
news

Сурет: видеодан кадр

Астанадағы тұрғын үй кешенінде өрт шықты

Астанадағы «Ново Сити» тұрғын үй кешенінде күндіз өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Куәгерлердің мәліметінше, өрт балконда шегілген темекіден тұтанып, жалын пәтердің сыртқы бөлігін шарпыған.

Оқиға кезінде үй иесінің жұбайы мен баласы пәтер ішінде болған. Тұрғындардың жедел әрекеті мен өрт сөндіру қызметінің дер кезінде келуі арқасында зардап шеккендер жоқ. Балкон толық өртенгенімен, асүйге от өтпеуіне балкон есігінің жабық тұрғаны себеп болған.

Көршілердің айтуынша, жалын өршіп кеткен жағдайда ауыр салдарға әкелуі мүмкін еді. Қазіргі уақытта тұрғындар балконда темекі шегудің қауіптілігін талқылап, әлеуметтік желілерде бұл әдетке заңмен қатаң тыйым салу қажеттігін айтып жатыр.

Мамандардың пікірінше, бұл жағдай көпқабатты үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау шараларын күшейту қажеттігін тағы бір мәрте көрсетіп отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *