Қазақстанда балалардың түнгі шуы үшін ата-аналарға айыппұл салынады

Жаңалықтар
view 109
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстан полициясы тұрғындарға түнгі тыныштықты сақтау тәртібі туралы ресми ескерту жасады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қатты дыбыс пен шудың шектелу уақыты белгіленген:

  • жұмыс күндері – сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін;
  • демалыс және мереке күндері – сағат 23:00-ден 10:00-ге дейін.

Аталған уақыт аралығында айқайлау, қатты жылау, пәтер ішінде жүгіру және өзге де шу шығару заң бұзушылық болып саналады.

Айыппұл мөлшері:

  • алғаш рет бұзған жағдайда – 5 АЕК (19 660 теңге);
  • қайталанған жағдайда – 10 АЕК (39 320 теңге).

Полиция балалардың түнгі уақытта жасаған әрекеттері үшін ата-аналар жауапты екенін атап өтті. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қараусыз көшеде жүруіне жол берген жағдайда да ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *