Ата-аналар чатында мұғалімді түнде мазалауға қарсы заң жобасы әзірленді
Фотосурет: Depositphotos/ZemlerZ
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің оқушылармен және ата-аналармен мессенджерлердегі қарым-қатынасын шектеуді ұсынды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Депутаттар мұғалімдерді оқушылармен, ата-аналармен және білім беру мекемесінің әкімшілігімен міндетті түрде мессенджерлер арқылы хат алмасудан босататын заң жобасын әзірледі. Құжат Үкімет қарауына жіберілген.

Сағат түнгі 3-те де хабарлама жазып, бірдеңе талап етуі мүмкін. Бұл жағдай мұғалімнің мәртебесіне қалай әсер етеді? Чатта 25 бала отырады. Олар кейде қателесіп, суреттер, анекдоттар, қалжыңдар, түрлі құттықтаулар жібереді. Мұның барлығы мұғалімнің жалпы әл-ауқатына, зейініне, назарына қалай әсер етеді? Ол да жұмысынан кейін демалуы керек қой. Оның да балалары, жеке өмірі бар. Ата-аналар чаттарында не болып жататынын бәріміз жақсы білеміз, – деді Асхат Аймағамбетов.
Оның пікірінше, мұғалімдерді чат жүргізу міндетінен босату қажет. Депутат шетелде ұстаздар мен ата-аналар көбіне электронды пошта немесе арнайы ресми LMS жүйелері (Қазақстандағы баламасы Kundelik.kz) арқылы байланыс жасайтынын атап өтті.
Пікірлер (0)