Қаскелеңде 20 жастағы жігіт тойға дайындалып жүрген қалыңдығын өлтіріп кеткен

Жаңалықтар
view 247
news

Фотосурет: ytimg.com

Алматы облысында 21 жастағы қыздың өлімі бойынша күдікті ретінде оның жігіті ұсталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бойжеткеннің мәйіті екі күн бұрын өз үйінің жертөлесінен табылған.

Қайғылы жағдай Қаскелең қаласында болған. Көршілерінің айтуынша, қыз жігітімен кездесуге шыққан бойы үйіне қайта келмепті. Содан анасы іздеу салып, полицияға хабарлаған.

Маңайдағы камералар тексерілген. Марқұмның мәйітін сол күні түнгі сағат 3 шамасында әлдекім сүйреп әкеліп, үйінің жертөлесіне тастап кеткен. Марқұм күдікті ретінде анықталған 20 жастағы жігітпен 5 жылдай кездесіп жүрген. Көршілерінің айтуынша, екі жақ етене араласып, тойға да дайындалған.

Қазір осы жағдайға қатысты полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *