Президент «Қазақстан Барысының» жеңімпазын құттықтады

Жаңалықтар
view 126
news

Фотосурет: Қорғаныс министрлігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Барысы-2025» турнирінің жеңімпазы Марат Байқамұровты жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Марат Байқамұровты «Қазақстан Барысы-2025» турниріндегі сенімді жеңісімен құттықтаймын! Ол жоғары спорттық шеберлік деңгейін көрсетіп, жанкүйерлерге қуаныш сыйлады, – делінген Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатында.

Сондай-ақ Президент «мемлекеттің алдағы уақытта да қазақ күресінің дамуына қолдау көрсететінін» атап өтті.

Айта кетсек, «Қазақстан Барысы-2025» турнирінің жеңімпазы Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен жарыста анықталды. Биылғы жылдың осы бір басты спорттық додасына 40-тан аса балуан қатысқан болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *