Атақты компанияға 10 млн доллар айыппұл салынды
Фотосурет: Reuters
АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, Walt Disney компаниясы балалардың құпиялылығын қорғау туралы заңды бұзды деген айыптауларды реттеу аясында 10 млн доллар айыппұл төлеуге келіскен, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі KAZINFORM-ға сілтеме жасап.
Федералдық соттың Disney Worldwide Services Inc. және Disney Entertainment Operations LLC компанияларына қатысты іс бойынша қаулысы Disney компаниясына YouTube-те «Балалардың онлайн құпиялылығын қорғау туралы» заңды бұзатындай жұмыс істеуге тыйым салды.
Қаулыға сәйкес, Disney компаниясы болашақта YouTube-те құпиялылық туралы заңға сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін бағдарлама әзірлеуге тиіс.
Заң 13 жасқа толмаған балаларға арналған веб-сайттар, қосымшалар және басқа да онлайн қызметтер ата-аналарға олар жинаған жеке ақпарат туралы хабарлауды және сол ақпаратты жинауға ата-аналарының расталатын келісімін алуды талап етеді.
Айта кетсек, бұған дейін Disney YouTube желісінде ата-аналарының келісімінсіз немесе ескертусіз балалардың жеке деректерін жинаған болатын.
Пікірлер (0)