Атырау облысында ер адам көршісін малша бауыздап тастаған
Фото: ашық дереккөз
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Каспий ауылында 2025 жылғы 8 маусымда адам жанын түршіктірер оқиға болған. Психикалық аурумен ұзақ уақыт есепте тұрған ер адам көршісіне шабуыл жасап, оны бауыздап, 27 рет пышақ сұққан, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Мал сойдым» деп ойлаған
Оқиға қаза болған адамның өз ауласының ішінде, отбасының көз алдында болған. Шабуыл жасаған ер адам әрекетінің мәнін түсінбеген, ол өз қылмысын «мал сойдым» деп ойлаған.
Сот сараптамасы көрсеткендей, шабуыл кезінде күдікті есінен танған жағдайда болған, сондықтан өз әрекеттерінің салмағын түсіне алмаған.
Сот шешімі бойынша, ол Алматы облысы Ақтас ауылындағы ерекше бақылау стационарына міндетті емге жіберілді.
Ер адамның анасы Мария ұлы ауыр психикалық аурудан зардап шегетінін айтты. Ол дәрілерді өз бетінше қабылдамайды, сондықтан анасы дәріні тамаққа қосып беретінін жеткізді. Көктем мен күзде ұлы агрессия көрсетіп, өзімен-өзі сөйлеп, себепсіз күліп, тіпті далада жалаңаш жүрген. Бұған дейін ол анасына, бауырына және көршісіне бірнеше рет шабуыл жасаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Балаларына сұмдық әрекет жасаған»: Петропавлда ер адам қамауға алынды
Анасына шабуыл жасаған
Әр жағдайдан кейін психиатриялық стационарға жіберілгенімен, дәрігерлер тез арада үйіне қайтарып отырған. Оқиға күні күдіктінің жағдайы қайта нашарлап, алдымен анасына шабуыл жасауға тырысқан. Әйел өз өмірін сақтау үшін үйінен қашып шыққан. Сол кезде полицияға хабарлауға мүмкіндік болмаған, себебі ауылда байланыс болмаған. Кейін ер адам аулаға шығып, көршісіне шабуыл жасап, ол сол жерде қаза болған.
Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық сот психикалық ауруы бар ер адамды жауапкершіліктен босатып, міндетті емге жіберді. Сонымен қатар аудандық аурухана дәрігеріне және психиатриялық мекеме директорының үстінен қатаң ескерту берілді.
Сот оларды пациенттің жағдайын қадағалауда салғырттық пен заңсыз әрекеттер үшін кінәлі деп тапты.
Пікірлер (0)