Атышулы Мұрат Әбділдә түрмеде ән шырқады
Фото: ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде атышулы Мұрат Әбділдәнің түзету мекемесінде ән айтып тұрған бейнежазбасы тарап жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Колонияда шағын концерт ұйымдастырылып, блогер сахнада өнер көрсеткен. Қазір ол жазасын Шымкенттегі №54 мекемеде өтеп жатыр. Еркіндікке шыққан соң, блогер қайтадан шығармашылыққа оралатынын айтқан.
Түрмеден шыққан соң шығармашылықпен, әндеріммен айнылысамын. Жақсы жаңалық күтіңіздер, - деді Мұрат Әбділдә.
Айта кетейік, Мұрат Әбділдә Қылмыстық кодекстің 174-бабы «Әлеуметтік алауыздық қоздыру» бойынша сотталған.
Өткен жылы ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған еді. Алайда пробация талаптарын бірнеше рет бұзғаны үшін, колонияға қайта жіберілді.
Пікірлер (0)