Атырауда 4 адам пышақталып, біреуі қайтыс болды

Жаңалықтар
view 445
news

Фото интернеттен

Атырау облысында 4 адам пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Олардың біреуі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға бүгін, 15 сәуірде болған. 

"Мақат аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына 2 адамның жанжалдасып тұрғаны туралы хабар түсті. Аудандық ауруханаға 1987 жылғы 4 адам түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Төртеуі де – аталған ауданның тұрғындары. Зардап шеккен адамның біреуі дене жарақатының салдарынан ауруханада қайтыс болды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Қазір аталған оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 2003 жылғы жігіт анықталған. 

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп отыр. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *