Атырауда полицияның бұрынғы бастығы қамауға алынды

Жаңалықтар
view 28
news

Фото: gov.kz

Атырау облысы полициясының бұрынғы басшысы тергеу изоляторына орналастырылды. Бұған дейін ол уақытша ұстау изоляторында болған, деп деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, ішкі істер органдарынан "теріс себептермен" қызметінен босатылған.

Тергеу барысында қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану деректері тексеріліп жатыр. Алайда оның әрекеттеріне қатысты нақты құқықтық баға әлі ресми түрде жарияланған жоқ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, іс есірткі заттарына қатысты болуы мүмкін. Аталған заттар қылмыстық істерде айғақ ретінде тіркелген.

Сондай-ақ бұл іске шамамен 17 адамның қатысы бар екені айтылады. Олардың қатарында қылмыстық істер мен айғақ заттармен жұмыс істеген бірқатар полиция қызметкерлері бар.

Күдіктілер қатарында облыстық есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының басшысы Әлішер Нұршаев пен департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Саламат Қалиевтің есімдері де аталады.

Дегенмен, тергеудің нақты мән-жайы мен өзге тұлғалардың процессуалдық мәртебесі әзірге жария етілмеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *