Атышулы адамжегіш Николай Жұмағалиев ауылда күнделік жазып жатыр

Жаңалықтар
view 162
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Бір кездері елді дүрліктірген адам жегіш Николай Жұмағалиев қазір түрмеде емес. Ол Алматы облысының Ақтас ауылындағы психиатриялық ауруханада ем алып жатыр. Бұл деректі журналист Асмира Ермекқызы өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісіп, сол мекемеде 14 жыл бойы маньяктармен жұмыс істеген психолог Ақмарал Шегентайқызымен сұхбаттасқанын еске салды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Николай Жұмағалиев өзінің алғашқы қылмысын 1978 жылы жасаған. Жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан жас келіншектің соңынан аңдып барып, оны аяусыз өлтірген. Ресми деректерге сәйкес, ол құрбанын өлтіріп қана қоймай, қанын ішкен. Мәйітпен жыныстық қатынасқа түсіп, дене бөлшектерін үйіне алып кетіп, одан тамақ әзірлеген. Ресми статистикада оның 57 қызды өлтіргені көрсетілсе де мамандар шын мәнінде құрбандар саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Психологтар мен психиатр мамандардың айтуынша, мұндай адамдар Қазақстан заңнамасы бойынша қылмыстық жазаға тартылмайды. Оларды мәжбүрлі түрде республикалық психиатриялық ауруханаға жатқызады. Себебі олардың әрекеті психикалық ауытқу негізінде жасалған деп танылады.

Ауруханада Жұмағалиев – ең тәртіпті ем алушылардың бірі. Психоэмоционалды жағдайы бірқалыпты, көп сөйлей бермейді, – дейді мекеме қызметкерлері.

Мамандар шизофренияның ең қауіпті тұсы – мұндай адамдар өте қалыпты адам секілді көрінуі мүмкін екенін айтады. Жұмағалиев те тергеу кезінде сұрақтарға нақты, қисынды жауап беріп, бірден психикалық науқас ретінде анықталмаған.

Николай Жұмағалиев қыздарға шабуыл жасағанын өз идеологиясымен ақтаған. Шизофренияның кей түрінде «мен қоғамды тазартып жүрмін» деген жалған миссиялық ой пайда болады. Ресейлік психиатрлар жүргізген сараптама оның шизофрениямен ауыратынын нақтылаған. Ол өз қылмыстарын ресми түрде мойындамаған. «Маған тағылған айыптар жалған, құжаттар дұрыс емес» деп есептейді.

Қазір 73 жастағы адам жегіш Ақтас ауылындағы психиатриялық ауруханада күнделік жазумен айналысады. Бірақ оның не жазатыны белгісіз, күнделікті ешкім оқымаған. Аурухана ішінде «бостандыққа шықса, кітабын шығарғысы келеді» деген сыбыс та бар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *