Ауыл мектептерін дамытуға бағытталған жаңа жоба іске қосылды

Жаңалықтар
view 163
news

Сурет: ресми дереккөзден

Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ESEN Foundation, BAQ және ANSA қорларының консорциумыменжәне AMANAT партиясының қолдауымен Ақмола облысының Целиноград ауданында ауыл мектептерін дамыту бойынша жаңажобаны іске қосты,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

NIS әрқашан өз тәжірибесін таратуға тырысады, әсіресе біздің назарымызда – ауыл мектептері. Біз балалардың әл-ауқатыүшін отандық мектептердің ішкі әлеуетін бірлесіп дамытып, арттырып жатқанымызға қуаныштымыз, – деді NIS Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин құттықтау сөзінде.

Целиноград ауданының Қараөткел ауылындағы мектеп базасында 30 ауылдық білім ошағының директорлары мен орынбасарлары стратегиялық жоспарлау әдістерінің технологияларымен танысты, мектепті дамыту бағдарламасын әзірлеуді үйренді, мектеп бойынша деректер негізінде шешім қабылдау және қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау дағдыларын пысықтады.

Сондай-ақ жоба аясында NIS Педагогикалық шеберлік орталығыЦелиноград ауданының мектептерінде педагогердің кәсіби қажеттіліктеріне зерттеу жүргізді, сабақтарды бақылау және жаңа оқу жылында 30 ауыл мектебінің басшылары мен мұғалімдеріне арналған бірнеше біліктілікті арттыру курстарын, семинарлар мен шеберлік сағаттарын ұйымдастырады.

– Назарбаев Зияткерлік мектептеріменбірлескен жобаның нәтижесі бірнеше ауылдық перспективті білім ордалары базасында құрылатын педагогикалық академия болмақ. Оның жұмысы ұстаздардың тұрақты кәсіби дамуына бағытталады. Ол үшін біз NIS Педагогикалық шеберлік орталығымен біргетренерлерді дайындаймыз, – дейдіESEN Foundation қорының өкілі Камила Башарова.

 

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *