«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бұрынғы басшысы тергеліп жатыр

Жаңалықтар
view 33
news

Фото: ortcom.kz

Шымкентте «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-тың бұрынғы төрағасы Жандар Омаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиғаның мән-жайы

Ол алма бақтарын салуға бөлінген бюджет қаражатын иемдену фактісі бойынша, қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, жұмыстар мен жабдықтардың құнын негізсіз көтеру жолымен ұрлық жасады деген күдікке ілінді.

Бұл мақсатта ол өзімен байланысы бар «Green Mart Kazakhstan» ЖШС-нің басшысын тартқан. Күдікті бағдарламаға қатысушы болып көріну үшін достары мен туыстарының атына 20 жалған компания тіркеген.

Шын мәнінде бұл тұлғалар ешқандай қызмет атқармаған және жобаға қатыспаған. Жалған құжаттар негізінде Қорға 1,4 млрд теңге көлемінде лизинг алу туралы өтінімдер ұсынылып, олар кейін Қор тарапынан мақұлданған.

Келтірілген залал 430 млн теңгеден асқан

Байқау рәсімдерін өткізбестен, жеткізуші ретінде бір ғана қатысушы — «Green Mart Kazakhstan» ЖШС таңдалған. Қаражат түскен соң, оның бір бөлігі кәсіпорындардың есепшоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Сонымен қатар жабдықтар қымбат бағамен жеткізілген, ал жұмыстар орындалмаған. Соның салдарынан мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 430 млн теңгеден асты.

Осылайша, бұрынғы төраға 2 ай мерзімге қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *