Ауылда жұқа мұз астына түсіп кеткен 4 жасөспірімнің бірі қаза тапты

Жаңалықтар
view 178
news

Фотосурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Үмбетәлі ауылындағы тоғанда жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Төрт жасөспірім ойын кезінде жұқа мұзға шығып, байқаусызда мұз астына түсіп кеткен. Ведомствоның хабарлауынша, Алматы облысының ТЖД 112 пультіне Үмбетәлі ауылындағы су қоймасына жасөспірімнің батқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына ТЖМ мен Қазақстан РЖҚЖ құтқарушылары шұғыл жетті. Анықталғандай, 4 жасөспірім ойын кезінде жұқа мұзға шығып, байқаусызда мұз астына түсіп кеткен. Куәгер балықшы ойланбастан көмекке асығып, 3 жасөспірімді судан шығарған. Өкінішке қарай, төртіншісін құтқара алмады. Оның денесін ТЖМ РЖҚЖ сүңгуірлері судан шығарып, полиция қызметкерлеріне табыстады, - делінген ресми хабарламада.

ТЖМ тұрғындарды абай болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

- балаларды су қоймаларында қараусыз қалдырмаңыз;

- жұқа мұзға шықпаңыз;

- су объектілері маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыз.

- төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *