Теміртау тұрғыны үйдің кіреберісіндегі шыршаны қасақана өртеп жіберді (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 154
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Теміртауда ер адам көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі шыршаны өртеп жіберген. Полиция күдіктіні бірден қолға түсірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға болған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан ер адамның шыршаға әдейілеп жақындап, өрт қойғанын көруге болады. Мәліметке сәйкес, өрт жедел түрде сөндірілген, зардап шеккендер жоқ.

Бейнебақылау камерасындағы жазбаларды тексеру барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушының сол үйдің 33 жастағы тұрғыны екенін анықтады.

Қазір оған қатысты «Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша әкімшілік материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – делінген Қарағанды облыстық ПД хабарламасында.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *