Ауыр дертпен күресіп жүрген Жарылқап Қалыбай: бірде-бір әнші хабарласпады

Жаңалықтар
view 56
news

Сурет: видеодан кадр

“Жұлдыздар отбасы”, “Аңыз адам” журналдарының негізін қалаушы, белгілі журналист Жарылқап Қалыбай ауыр сырқатпен күресіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz.  

Қалыбай бұл туралы Аман Тасығанға берген сұхбатында айтып өтті.

«Обыр деген өте қауіпті дерт қой. Туыстарымның көбісі осы аурудан көз жұмды, бірақ өзім тап боламын деп ойламаппын. 2004 жылы ота жасатқан кезде В гепатитін жұқтырыппын. Ол бауырды 10–15 жылда циррозға жеткізеді екен. Сөйтсем, мен онымен 20 жылдан астам уақыт жүргенмін. 2020 жылы ковидтен кейін обыр анықталды. Осы дертпен күресіп жүргеніме бес жыл болды. Түркияға да, Үндістанға да емделуге бардым», – деді ол.

Журналистің айтуынша, еміне шамамен 250 мың доллар қажет, алайда бір ай ішінде небәрі 3 миллион теңге ғана жиналған.

Сондай-ақ ол кезінде журналдарының арқасында танымал болған өнер адамдары хабарласпағанына қынжылыс білдірді.

«Ешқандай әнші хабарласқан жоқ. Мен өзім ғылым адамы едім, ҚазҰУ-де сабақ бердім. Кейін “Жұлдыздар отбасы”, “Аңыз адам” секілді басылымдарды шығардым. Алғашқы санына Тоқтар мен Бейбіттің фотосын бергенде халықтың ықыласына бөлендік. Бірақ саясатқа араласқаннан кейін кей әншілер менен алыстай бастады. Кейбір әрекеттерін сынағаным ұнамаған болуы мүмкін. Сондықтан қазір олармен достығым жоқ», – деді Жарылқап Қалыбай.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *