«Ауыр ота. Басыма қан ұйып қалды»: Тұрсынбек Қабатов өзіне қатысты қауесетке жауап берді (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 267
news

Сурет: видеодан кадр

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жеке концертінде өзі туралы көпшілікке сыр ашты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Әзілкеш басына ота жасатқанын жария етті. 

"Жақында басыма операция жасатқанмын. Тромб болып, басымның қақпағын алып тастады. Осы тұрғанда алдарыңызға жарты бас болып шығып тұрмын негізі. Арасында бірдеңені қайталап кетсем, түсінерсіздер", - деді ол. 

Осыдан кейін жеке өміріне қатысты тараған қауесет туралы да айта кетті. 

"Негізі концерт көруге келіп отырсыздар ма? Әлде бірдеңе білуге келіп отырсыздар ма? Жүздеріңізге қарасам, бірдеңе білгілеріңіз келіп, айтқыларыңыз келіп отырған сияқты", - деп әзілдеді Қабатов.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *