Автотұрақта ер адамды аяусыз ұрып өлтірген күдікті бұрын да адам ұрып, мерзімінен бұрын жазадан құтылып кеткен

Жаңалықтар
view 94
news

Сурет: видеодан скрин

Адам өлтірді деген күдікпен ұсталған Мұхтар Ахмедов төрт жыл бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны белгілі болды. Айыпталушы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жазаға тартылған, - деп хабарлайды Janabastau.kz Tengrinews.kzсайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Атырау қаласының 2020 жылғы 18 маусымдағы №2 сотының үкімімен Мұхтар Ахмедов Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотталды, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды", – делінген Атырау облыстық сотының хабарламасында.

Мәліметтерге сүйенсек, Атыраудағы пробация қызметі рақымшылыққа байланысты негізгі жаза мерзімін қысқарту туралы ұсыныспен сотқа жүгінген. 

Атырау сотының 2022 жылғы 20 қаңтардағы №2 қаулысымен Атырау қаласы пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды. Сотталған Ахмедов өтелмеген мерзімі 7 ай 18 күнге қысқартылды.

Бұдан әрі сотталған адам сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішпен жүгінді. Атырау қаласы сотының 2022 жылғы 26 шілдедегі №2 қаулысымен сотталған адамның өтінішхаты қанағаттандырылды, сотталған адам шартты түрде мерзімінен бұрын бас бостандығын шектеудің қалған мерзімін 7 ай 27 күнді өтеуден босатылды”, – деп толықтырды облыстық сотта.

Ал араға екі жыл салып, бейнебақылау камераларына түсіп қалған аяусыз соққы қазақстандықтарды есеңгіретіп жіберді. Жас жігіт көлігін зақымдаған қарияны салқынқандылықпен соққыға жыққан. Бұл кезде төбелестің көптеген куәгерлері жиналды, бірақ олардың ешқайсысы соққыны тоқтатуға араласпаған. Жәбірленуші 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан кейін ауруханада көз жұмды. Күдікті қамауға алынды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *