“Аяқпен нан илеген”: Алматы облысында наубайхана жұмысшылары ұсталды
Сурет: коллаж Orda.kz
Алматы облысы Іле ауданында аяқпен нан илегендер ұсталды деген бейнежазба тарап кетті,- деп хабарлайды Janabastau.kz.
Оқиға Алматы облысындағы Байсерке ауылында болған. Кадрлардан ванна ішінде иленген қамырды, лас еден мен жуылмаған ыдыстарды байқауға болады.
Instagram-да «аяқпен нан илегендер ұсталды» деген бейнежазба жарияланды. Бейнежазбада санитарлық талаптарға мүлде сай емес, лас орын және ваннада ашыған үлкен қамырды көруге болады.
«Қолдың өзін қарасаңдаршы» деп бейнежазбаға түсіріп тұрған адам наразылығын білдіргенде, бейнедегі ер адам «жуып-шаямыз ғой, тәте» деп жауап қатады. Ал еттің қайда екенін сұрағанда, «фарш жоқ, ет жоқ» деп барып, артынша «ет кафеде» деп жауап береді.
Наубайханашылардың бұл әрекетіне желі қолданушылары кері пікірлерін білдірді.
"Самал кафе жанындағы өзбектер ғоий. Баяғыда ұсталған еді аяқпен нан илеп, әлі де бұларға шара қолданбаған ба?", "Жауып тастау керек. Қамыр илейтін аппараты болса ғана рұқсат берсін", "Неге тексермейді. Мынадай былыққа қалай жол беріп отыр. Бала-шағаның ішіне түседі ғой осы лас дүниенің барлығы", - деді олар.
Пікірлер (0)