Қыста көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар азаматтарды үйден мәжбүрлеп шығаруға тыйым салынады: Тоқаев заңға қол қойды

Жаңалықтар
view 173
news

Сурет: ғаламтордан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымы кезінде баласы бар отбасыларды жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салатын заңға қол қойды.

Баспасөзде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының мәтіні жарияланды.

Кейбір тармақтарды қоспағанда, заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енеді.

Кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды және 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан мәжбүрлеп шығаруға тыйым салынады. 

“Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтардың, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары бар және оларды тәрбиелеп отырған отбасылардың және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғын үйге меншiк құқығы мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда. бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көзделген негіздер бойынша тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелген, жылыту маусымында үйден шығаруға тыйым салынады”, – делінген заң мәтінінде.

Банк омбудсманының барлық банктік қарыз шарттары бойынша дауларды қарау құзыреті кеңейтілді (бұған дейін ол тек ипотекалық шарттарға қатысты дауларды қарайтын) және микроқаржы омбудсманы институты енгізілді. Жеке тұлғалар омбудсмандардың шешімімен келіскен жағдайда, мұндай шешімдерді қаржы ұйымдары орындауға міндетті.

Омбудсмандар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкер жеке тұлғалардың өтініштерін қараған кезде кепілге алынған жылжымайтын мүлікті өндіріп алуға тыйым салынады.

Сондай-ақ осы санатқа жататын азаматтар бұған дейін міндеттемені орындамағанына байланысты банк балансына өтіп кеткен жалдамалы баспанасын сатып алуға құқылы.

 

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *