Айнагүл Көңбайқызы «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының жеңімпазы атанды
Саясат
582
Қосшы қаласының Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Айнагүл Көңбайқызы «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Ақмола облыстық мемлекеттік қызмет департаменті хабарлады.
2022 жылғы 18 мамырда «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауы жарияланған болатын. Байқауға қатысқан мемлекеттік қызметшілер I кезең – өңірлік (облыстық) деңгейдегі, өңірлік конкурстық комиссиядан өтті. Байқауды ұйымдастырушы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
«Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін тарату, үздік кәсіби білімі мен дағдыларға ие, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін айқындау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсатында жыл сайын «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы өткізіледі», дейді ұйымдастырушы орын.
Айнагүл Көңбайқызы мемлекеттік қызметте көптеген жылдар бойы табанды қызмет етіп келеді. Еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысы, Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасынан бастаған. 2013-2017 жылдар аралығында Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды. 2021 жылы қыркүйекте Қосшы қаласы әкімі Ғайдар Қасеновтың өкімімен Қосшы қаласы «Ішкі саясат, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту» ММ басшысы болып тағайындалған.
Пікірлер (0)