«Әзірге күресіп көрсін, кейін үйін әпереміз». Гүлзира Айдарбекова келіні туралы мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 304
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова 170 миллион теңге тұратын үйінен айырылып, пәтер жағалап жүр. Ал енесі Гүлзира Айдарбекова бұл жағдай оған сабақ болатынын айтады, деп хабарлайды janabastau.kz  malim.kz-ке сілтеме жасап.

Продюсер Instagram-дағы парақшасында Қайрат Нұртастың 2013 жылы Қытайдың 17 қаласында берген концертін еске алып, видео жариялаған. Оның айтуынша, Қайрат Нұртас жақында Өзбекстан, Қырғызстанға барып, өнер көрсетеді. 

Продюсерге оқырмандарының бірі «Өйтіп мақтанудың қажеті не, ұрпақтарыңыз пәтерден-пәтерге көшіп жүрсе, қиналып» деп келіні Жұлдыз Әбдукәрімованың алаяқтарға алданып қалғанын меңзеп пікір жазған. Гүлзира Айдарбекова бұл пікірді назардан тыс қалдырмады.

Үйді сіз алып бермейтін шығарсыз, айналып келгенде жағдай жасайтын біз ғой. Бүгін болмаса, ертең болар, алданса, күресіп шыңдалады, жас емес, күресіп көрсін, піссін, нәтежие шығарсын. Одан жаман болмайды, түбі қарап қалмаймыз, ұрпақ менікі. Сіз былықтырып, от үріп, жайыңызға кететін адамсыз. Сол үшін керексіз жерге мұрын тығып тіміскіленбеңіз. Өзіңізде бәрі жақсы болсын, елді мүсіркейтін Құдай емессіз. Біреудің отбасына есі кеткен түседі, - деп жауап берді продюсер.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *