Қолжетімді бағадағы 200 тонна өнім: Көкшетауда ауыл шаруашылығыжәрмеңкесі өтті
Фото: Ресми дереккөзден
Көкшетауда Қарттар күніне орай облыстықауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Ақмола облысының ауылшаруашылығы тауарын өндірушілері қалатұрғындарына 200 тоннадан астам жаңа өнімұсынды. Сауда 50 павильонда орналасқан 100 сауда орнында ұйымдастырылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Сөрелерде сатып алушылар арасындасұранысқа ие өнімдердің түр-түрі ұсынылды. Атап айтқанда, 50 тоннаға жуық ет өнімдері, 20 тонна сүт өнімдері, сондай-ақ шамамен 40 тонна көкөніс пен картоп әкелінді. Соныменқатар жәрмеңкеден балық, жұмыртқа, ұн, жарма, өсімдік майы, маусымдық өнімдер мен көшеттерді сатып алуға болады.
«Жәрмеңкеге облыстың он ауданынан ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер қатысыпотыр. Тұрғындардың ұсынылған өнімдергеқызығушылығы жоғары екенін көріп отырмыз. Мұндай жәрмеңкелер ауыл шаруашылығыөндірушілері үшін игі дәстүрге, ал тұрғындарүшін қажетті өнімдерді қолжетімді бағаменсатып алуға мүмкіндік беретін шарағаайналды», – деді Ақмола облысы әкімініңорынбасары Мұрат Балпан.
Жәрмеңке қазан айы бойы өтетін Қарттаркүніне арналған айлық аясындағы іс-шаралардың бірі болды. Осы кезеңде өңірдеаға буын өкілдерін қолдауға бағытталғанбірқатар іс-шара өткізу жоспарланған.
Тұрақтандыру қорындағы өнімдерге де сұраныс жоғары. Қала тұрғындарына сиыр еті, қант, күріш, бірінші сұрыпты ұн, тұз, күнбағысмайы, макарон өнімдері, сондай-ақ картоп пен сәбіз нарықтағы бағадан 10–15 пайызға төменбағамен ұсынылды.
«Жәрмеңке өткен сайын осында келіп, қажетті азық-түліктерімді сатып аламын. БүгінЗеренді ауданынан әкелінген жылқы етіналдым. Еті жаңа екені бірден көрініп тұр, бағасы да қолжетімді. Мұндай жәрмеңкелертұрғындар үшін өте пайдалы. Сапалыөнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуғаболады. Жолдасым екеуміз бірге келгендіжақсы көреміз – әрі қажетті заттарымыздыаламыз, әрі көңіл-күйіміз көтеріледі», – дейдіқала тұрғыны Салима Сахаева.
Пікірлер (0)