Қазақстанда алғаш рет – әлемдегі ең ірі байқау

Жаңалықтар
view 32
news

Фото: Казинформ

Астанада AI-фильмдер конкурсының жеңімпаздары анықталды.

125 елден 8 067 өтінім, 25 финалист және $2 млн жүлде қоры. Елордада алғашқы Astana AI Film Festival аяқталды. Өтінімдер саны бойынша ол жасанды интеллект көмегімен түсірілген фильмдердің әлемдегі ең ірі халықаралық байқауына айналды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Гран-приді Латвиядан келген Nikolay Shestak «The First Honest Day» фильмі үшін иеленді. Оның туындысында адамның іс-әрекеті оның бейнесін тікелей өзгертеді: жаман қылықтар оны ұсқынсыз етсе, жақсы істер оны жақсы жаққа өзгертеді. Автор $450 мың көлеміндегі жүлде қаражатын жаңа фильмдер түсіруге жұмсамақ.

Қазақстандық Мырзахан Жұмахан да жеңімпаздар қатарында. Оның «It Was Just a Joke» комедиясы үздік кейіпкер номинациясында жеңіске жетті. Сюжетте қарапайым әзіл ит пен оның иесінің ағасы арасындағы жанжалға ұласып, ақырында нағыз соғысқа айналады.

Екінші орын мен $200 мың жүлдені Үндістаннан Abhik Banerjee «SITARA» фильмі үшін алды. Үшінші орын және $100 мың Испаниядан Ernest Desumbila-ның «Looking For Perseida» туындысына бұйырды.

Финалистердің жұмыстарын халықаралық қазылар алқасы бағалады. Оның құрамына ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры Одри Азуле, Қытай киноиндустриясының өкілдері және инвестор Баладжи Сринивасан кірді. Іріктеу барысында ең алдымен авторлық идея мен фильмнің тұтастығына мән берілді.

Жалпы жүлде қоры – $2 млн: оның бір миллионы жүлделерге, тағы бір миллионы перспективалы AI-командаларға инвестиция салуға және Қазақстандағы өндірісті дамытуға бағытталады.

Фестиваль 1–3 қазан аралығында өтті. Финалистердің жұмыстары Астанада үлкен экранда көрсетілді. Бүгін дәл осы жерде әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған өтінім жиналған байқаудың жеңімпаздары анықталды.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *