”Ажырасқаннан кейін жүргіш, бұзылған деп ойлайды”: әнші жан сырымен бөлісті
Сурет: Ашық дереккөзден
Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйелдердің артынан өсек еріп, әділетсіздікке бетпе-бет келетіні туралы Instagram желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.
”Меніңше, біздің қоғамда жалғызбасты әйелдерге орын жоқ сияқты. Себебі, олар өз орнын, өз еншісін тісімен, қолымен жұлып алғандай қып алады. Байқайсыздар ма, қазір қоғамда жалғызбасты аналар, әкесіз бала өсіріп отырғандар көп. Бір сөзбен айтқанда әйел өзін жаралы, керексіз сезінеді. Әрине, ол қатарда мен де бармын. Себебі, ажырасқаннан кейін ішпей-жемей жүргішке, бұзық әйелдің қатарына жатып кетесің. Сені солай есептейді. Той-томалаққа жалғыз барсаң біреудің күйеуін тартып алып қоятындай күйеуі бар әйелдер қызғанады. Біреулері мынау байғұс әлі жалғыз жүр ме дейді. Көп әйелдер осындай мәселелерден қысылады. Сол үшін жалғызбасты әйелге еркектің күшіндей күш, энергия, психология керек болады. Сен еркек бола алмайсың, бірақ өзіңді сыйлатып, балаңды жеткізіп, қоғамда өз орныңды алу үшін мінез, білім керек болады”, — дейді актриса.
Пікірлер (2)
Айгуль акылды эри керемет келиншек. Омир жасы кзак болып, немерелеринин куанышына тоймай, аман есен жаркырап журе берсин. Нагыз онер адамы. Не то,что торегали,айнур турсынбаева, алтынай жорабаева, абдижаппарлар секилди ушкалак емес..
Айгулмен келисемин.Акылды айел, ултынын , немересинин кызыгына тоймай журе берсин👏👏🌹♥️🙏