"Балаң мешіт жағалап, уағыз тыңдаса, ұстазы кім екенін анықта": Танымал журналист

Жаңалықтар
view 799
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Танымал журналист еліміздегі медреселерге жаппай қарсы шықты. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды Сaravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Бұл тақырыпта журналист өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Медреседе оқып жүр, талай қазақ баласы.. Жасөспірім балаңыз мешіт жағалап, уағыз тыңдап, құран үйренуге бейімделсе хош демей ұстазы кім соны анықтаңыз!
Қай жерде, қандай жағдайда тәлім алады барып көз жеткізіңіз!
Алматы обл. Қарасай ауданындағы времянкалардың бірінде көлеңкелі медресе анықталды. Мұнда Тәжікстаннан келген азамат балаларға теріс ілім үйреткен. Араб қарпіндегі барлық діни әдебиет пен қолданылған техника тәркіленді. Айғақ заттар қажетті сараптамадан өтеді. Тәжік қамауға алынып, 19 бала ата-анасына қайтарылды», — деп жазды журналист.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *